«Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге
асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 410 Қаулысы
(2007.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 Қаулысымен күші жойылды
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы қоса беріліп отырған Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) 2006 жылғы 1 ақпанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесін құруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар бөлігінде Ереженің талаптарына сәйкес өз қызметін атқарсын;
2) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Ереженің 6-қосымшасында айқындалған талаптардың базалық критерийлерін орындауды қамтамасыз етсін;
3) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Ереженің 7-қосымшасында айқындалған талаптардың қосымша критерийлерін орындауды қамтамасыз етсін.
3. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 112 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3609 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.